$ 444.22  476.38  4.82

Арыс тұрғыны жарылыстан үш емес, одан да көп адамның көз жұмғанын айтты (ВИДЕО)

«Оны телеарналардан жасырып жатыр ғой 2-ақ адам өлді деп», – деді ол.

Гүлвира Құдайбергенова есімді Арыс қаласының тұрғыны 24 мамыр күнгі жарылысты еске алды. Азаттыққа берген сұхбатында келіншек жол бойында бірнеше адамның өліп жатқанын көргенін айтты. 

«Көзімізше қаншама адам екіге бөлініп, өліп жатыр. Міне балаларым да көрді соның барлығын. Адамдар өліп жатыр жолда», – деген Гүлвираның сөзін тағы бір келіншек қостады. 

«Оны телеарналардан жасырып жатыр ғой 2-ақ адам өлді деп», – деді ол. 

Ал Гүлвира сол күні сағат 9 шамасында жарылыс дыбысынан оянғанын айтады. 

«Өзіміз жалаң аяқ ішкиіммен қаштық. Шымкентке сағат 5-те жеттік жаяу. Екі баламен көлік алмады. 

Енді үйіміз жоқ. Баспана алыңыздаршы, өтініш. Далада қалдық. Ұйықтап жатқанбыз. Бірден жарылғанда атып шығып, қаштық. Суреттен көрдік. Үйіміздің дымы қалмаған. Төбесі түскен», – дейді Арыс қаласының тұрғыны Гүлвира Құдайбергенова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары