Ақтау қаласының №55 балабақша тәрбиешілері балаларға ойыншықтармен ойнауға тыйым салып, оларды бірнеше сағатқа креслоларға отыруға мәжбүрлеген. Бейнебақылау камерасы ұрып-соғу фактілеріне де куә болғаны анықталды. Арнайы комиссия құрылып, осы оқиғаға қатысы бары дәлелденген тәрбиешілер жұмыстан босатылды, деп жазады Lada.kz Ақтау қаласының білім беру басқармасына сілтеме жасай отырып хабарлады.
«Бұл дегенің сұмдық қой. Балаларымыздың қатты қорқып қалғаны видеодан да көрініп тұр. Тіпті дәретханаға бару үшін тәрбиешіден айналып өтеді. Ойын да, ойыншық та жоқ. Бейнебақылау камерасының 2 сағатын көріп шықтық. Тәрбиеші не ұялы телфонынан бас алмайды, не үстелде ұйықтап отыр. Ең болмағанда бір-бірімен ойнауға тыйым салған. Балалардың біреуі орнынан тұрса, сол мезетте бастан соққыға жығады немесе құлағынан сүйреп бұрышқа тұрғызады екен. Ал біз келгенде тәрбиешіден мейірімді жан жоқ боп көрінген», - деп балалардың ата-анасы жан айқайын жеткізді.
№55 «Таңшолпан» балабақшасының директоры еңбек демалысында. Оқиға жария болған сәттен қалалық білім беру бөлімінен арнайы комиссия құрылды.
«Қазір біз бәрін толықтай зерттеп жатырмыз. Барлық видеоны қарап шығамыз. Осы топқа жауапты тәрбиеші жұмыстан қуылды. Оқиға анықталып жатыр», - деді Ақтау қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.