$ 448.15  483.46  4.86

«Арысқа қайтпаймыз»: Шымкентте наразылар жолды жапты (ВИДЕО)

Наразы топты ешкім бастап жүрмегені анық көрінеді.

Шымкенте жүздеген наразы жолды жапты. Азаттықтың тікелей эфирінде олар Арысқа қайтпайтындарын айтып, жер беруді талап етті. 

Наразы топты ешкім бастап жүрмегені анық көрінеді. 

«Халыққа рақмет. Көмектесіп жатыр», «Арысқа қайтпаймыз», «Бізге жер, үй берсін» деді әр жерден пікір айтқан көпшілік. 

Арада жарты сағат өткенде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов халықпен сөйлесу үшін мешітке кірді. Алайда наразылардың жартысы онымен сөйлесуге құлықсыздық танытып, сыртта қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары