$ 448.15  483.46  4.86

Алты күн бойы жүрегі тоқтап қалған қыз қайта тірілді

Қыз мамыр айының соңында ауруханаға жүректің айнуы, тыныс алу жолының қиындауы, кеудедегі ауырсыну және жоғары температурамен келген.

Қытайдың Шанхай қаласында дәрігерлер алты күн бойы жүрек соғысы тоқтап қалған 10 жастағы науқасты құтқарды. Бұл туралы Lenta.ru AsiaOne ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Қыз мамыр айының соңында ауруханаға жүректің айнуы, тыныс алу жолының қиындауы, кеудедегі ауырсыну және жоғары температурамен келген. 

Дәрігерлер науқасқа аса қауіпті жүректің қабынуы – өткір кардит деген диагноз қойды. Ол шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылып, экстракорпоналды мембраналық оксигендеу жасалған.

Қытай қызының жүрегі жүрек алмастыруды қажет еткен. Аз уақыт ішінде донор табылып, алты күн бойы жүрегі соқпаған қыз өмірге қайта келді.

Екі сағатқа созылған операция сәтті аяқталды.Қыз бала әл жинай бастады. Дәрігерлердің арқасында қытайлық қыз екінші рет дүние есігін ашты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары