27.06.2019, 15:17

«Сені дуалап алған десем тыңдамайды»: күйеуі басқа әйелдің үйіне кіріп алған келіншек мұңын шақты

Ал күйеуім досымның үйінде боламын дейтін. Мен соған сеніп қала беріппін. Сөйтсем күйеуім өзінен 6 жас үлкен 3 баласы бар əйелмен жүрген екен.

Сәлеметсіздер ме құрметті оқырман, аяулы, қыз-келіншектер! Мен де өз басымнан өткен жайтты айтып берейін. Былтыр осындай уақытта мені алып қашып кетті. Содан келісіп, алдымен құдалық, жазда тойымыз болды. Өзім бір жағынан оқып жүріп, жұмыс та істейтінмін. Күйеуім де жұмыс істейтін.

Тұрмысқа шыққан соң бір айдан кейін аяғым ауыр екенін білдім. Екеуміз тіл табысып, жақсы күліп-ойнап жүретінбіз. Күйеуім көп сөйлемейтін, үндемейтін адам болатын. Күзде сабағымыз басталды. Ол да, мен де 4 курста университетте оқитынбыз. Біздің сабағымыз түске дейін болатын, содан кейін мен өз жұмысыма кететінмін. Ал күйеуім досымның үйінде боламын дейтін.Мен соған сеніп қала беріппін. Сөйтсем күйеуім өзінен 6 жас үлкен 3 баласы бар əйелмен жүрген екен.

Мен босандым, қыз тудым. Күйеуіме звандап шақырдым, мені перзентханадан шығарып үйге əкелді. Содан кейін көп ұзамай аяқ астынан «мен бұл үйде тұрмаймын, мен сені жақсы көрмеймін, мама папасына мен сендердің балаларың емеспін» деп кетіп қалды. Мен жаңадан босанып келгем, тіпті не істерімді білмей қалдым. Біраз күннен кейін күйеуімді əрең таптық. Ана əйел арқылы.

Сөйтсек күйеуім сол əйелдің балаларын қарап үйінде отыр екен, ал ол əйел болса өзі жұмыста. Ата-енем күйеуімді қол аяғын байлап үйге əкелді, күйеуім болса үйге келіп мен кетем, кетпесем, мені жібермесеңдер үйді өртеп кетем деді. Мынаның басын оқытқызып алған деп күйеуімді мама, папалар бір емшіге апарды. Емші күйеуін босатуымыз қажет екенін, өйтпесе біреуімізді өлтіруі мүмкін екенін айтты. Өзге əйел басын дуалап тастаған, ол қара магиямен айналысады екен. Содан талай емшілерге бардық, бəрі басында емдеп береміз дейді де, соңында келгенде күшіміз жетпейді дейді.

Міне, оның кеткеніне 4-5 ай болды. Звандасаң алмайды, не қызын келіп көрмейді, не істеп жатқан жұмысы жоқ, 4 жыл оқыған оқуы да қалды. Мен осы емделіп үйге келетін шығар деп өз әке-шешеме  айтпаған болатынмын. Өзге әйелге талай рет ата-енем звандап та айтты, ұрысты да мен ешнəрсе білмеймін, мен жасайтынымды жасап алдым деп телефонды қоя салады. Енді ол əйел ажырас деп жатқан сияқты. Осыдан бір апта бұрын күйеуім хабарласып, ажырасқысы келітінін айтып, құжаттарымды сұратты. Мен оған ойланшы, ажырасу оңай ма, сені ана əйел оқытқызып алған десем оны ұғып тұрған жоқ. Түрінен түр жоқ, үсті кір-кір болып жүр. Содан екеумізде ажырасуға арыз жазып, өткізіп қойдық. Мен анама, аға-əпкеме болған оқиғаны айтып бердім. Үйге келіп сөйлесіп, ажырасатынымды айттым. Тәтем оның алимент төлейтініне сенбейтінін айтые, жағдайым түзелгенше көмек қолын созатын боп шешті. Еее, тағдыр деген осы екен ғой. Бір Алланың қолында. Енді не істеймін, білмеймін. Жақындарым, туысқандарым аман болса, бұл қиыншылықтарды жеңіп шығам деп ойлаймын.

Дереккөз: Alashainasy.kz