Қостанай тұрғыны әкімдік қызметкеріне 1 қорап кәмпит бергені үшін істі болып, 396 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді деп жазады Tengrinews.kz Қостанай облыстық сотына сілтеме жасап.
Әкімшілік жауапкершілікке 28 жастағы жергілікті тұрғын тартылып отыр. Оған "Жеке тұлғаларға заңсыз сыйақы берді" деген айып тағылған.
Әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасында көрсетілгендей, сотталған ер азамат 20 наурыз күні сағат 10:30 шамасында Қостанай қалалық әкімдігіне қарасты "Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" ММ басшысының кеңсесінде аталған мекеменің басшысына құны 1270 теңге болатын 1 қорап кәмпит сыйлаған.
Сот отырысында айыпты азамат өз кінәсін мойындап, мұндай қадамға барғандығы үшін өкінетінін жеткізген.