$ 443.85  474.3  4.8

Қазпочта тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маркалар көрмесін өткізеді

 «Қазпочта» АҚ Қазақстан Республикасының 1992 жылдан бастап шыққан пошталық маркаларының көрмесін өткізеді деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Көрме Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті мейрамына орай ұйымдастырылмақ.

 

«Қазпочта 180 мемлекеттен тұратын дүниежүзілік пошта ұйымында Қазақстан Республикасының атынан тіркелген. Ал, біздің отандық маркаларымыз пошталық төлем белгісі болып, бүкіл әлем бойынша таралады. Көрме барысында Тәуелсіз Қазақстанда шығарылған барлық 933 түрлі маркалар көрсетілмек» - дейді «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Байрам Азизов.

ҚР маркаларының тақырыптары – табиғат, тарих, мәдениет, өнер, спорт, ғарыш және қоғам. Маркалардың бетінде қазақ елінің есте қалар сәттері, өткен ғасырдың тарихы оқиғалары және әйгілі тұлғалар белгіленген.

Көрме 2015 жылдың 30 қараша мен 4 желтоқсан арасында «Сарыарқа» сауда орталығында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары