$ 494.87  520.65  4.91

Арыс тұрғындары үйлеріне оралып жатыр

Арысқа кеткен қоғамдық көліктерде шамамен 5 жарым мыңға тарта адам отырғызылған.

Таңертеңгі сағат алтыдан бастап Шымкенттегі 53 эвакуациялық пункттен Арыс тұрғындары өз үйлеріне оралуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сағат 8:00-ге дейін  бас-аяғы 78 автобус пен қоғамдық көлік аттанып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арысқа кеткен қоғамдық көліктерде  шамамен 5 жарым мыңға тарта адам отырғызылған. Мәселен, орталық мешіттен 15-ке тарта қоғамдық көлікпен 400-ден аса мініп кетті. Ол азаматтар осы жердегі ағайын-туыстарының үйлерінен келіп, кетіп жатқандар болатын. Сондай-ақ,  Арысқа қайтушылардың қатары уақыт санап өсуде. Бұдан басқа  өздерінің көліктерімен кетіп жатқан азаматтар да бар.

«Ол азаматтарды Арысқа барғаннан кейін жауапты қызметкерлер күтіп алуда. Оған арнайы бекітілген қызметкерлер бар. Оларды өздерінің қоныстарына жайғастырып жатыр. Бірінші кезекті тамақ мәселесі шешілген. Содан кейін үйі қирап қалған азаматтарға уақытша тұру мәселесі де шешіліп жатыр. Ол үшін барлық қала-аудан әкімдері кварталға бөлінген. Осы тәртіп бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде»,- дейді Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Арыс қаласы