$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы «Медеу» мұз айдынының дәретханасында жас қызды зорлаған жігіт сотталды

Сотталушы кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматыда сот «Медеу» мұз айдынының дәретханасында зорланған қызға қатысты істің нүктесін қойды. Сотталушы кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол судьяның үкімді оқуына кедергі келтірмек болды. Тіпті, сол жерде шу шығарған ер адамды күзетшілер әрең тыныштандырды.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

ҚР ҚК «Зорлау» бабы бойынша айыпталған ер адам 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, пробация кезіндегі әрекеті үшін судья оған тағы 1 жылға бостандығынан айыру жазасын қосты.

Сот үкімі оқылған кезде сотталушы сот залында болмады. Ол бағынбағаны үшін залдан шығарылды.
Алайда жәбірленуші сот шешімімен келіспейді. Ол сотталушыға берілген мерзімнің аз екенін айтты.

«Оның әйелі: «Өз болашағыңды ойла. Ертең тұрмысқа шығасың. Сені табамын», - деген сияқты сөздер, айтып қорқытты. Күйеуі әзірге қамауда болады. Алайда әйелі мені жайыма қалдырмайтынын айтты. Көшіп кететін шығармын», - дейді жәбірленуші. 

Еске сала кетсек, наурыз айында Алматыдағы Медеу мұз айдынының маңындағы дәретханада 16 жастағы қыздың зорланғанын хабарлаған едік. Оқиға полиция бөлімшесінің қасында болған. Артынша ер адамның тұтқындалғаны белгілі болды. Ол бұған дейін қыз зорлағаны үшін екі рет сотты болған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары