$ 444.32  473.33  4.76

Өскеменде 12 вагон рельстен шықты

Апат 27 маусымда Ақтоғай-Аягөз темір жолының учаскесінде болды.

ШҚО-да 12 вагон рельстен шығып қалып, алты жолаушы пойызының қозғалысына кедергі келтірді, деп хабарлайды altaynews.kz

Апат 27 маусымда Ақтоғай-Аягөз темір жолының учаскесінде болды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, зардап шеккендертіркелмеген. Қазір Ақтоғай мен Аягөздегі мамандар өз күштерімен оқиғаның салдарын жою бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Вагондардың рельстен шығуының себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылыпты.

Апаттың салдарынан алты жолаушы пойызы тоқтап қалған:
№ 301 Новосибирск – Алматы;

№ 351 Өскемен – Алматы;

№311 Семей – Нұр-Сұлтан;

№459 Өскемен – Достық;

№32 Алматы – Павлодар;

№22 Қызылорда - Семей.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары