Белгілі заңгер Камиша Есмұхамбетқызы Арыс тұрғындарына дұрыс бағыт-бағдар беруін сұрады. Бұл туралы ол Facebook-парақшасында жазды.
«Арыстағы ағайының қорқынышы басылған жоқ, шынында халық қорқатындай бар, алда тағы не күтетінін білмейді», - деп жазды ол.
Сондай-ақ, жергілікті әкімдіктен Арыс жұртшылығының мұңын дұрыс қабылдап, әр адаммен тығыз жұмыс жасауын талап етті.
«Түркістан әкімдігі бәріне кінәлі, Шөкеевтің де мақтайтын жері жоқ. Тәсіл де, координация да дұрыс емес. Халықтың мәселесін шешуді қарастыру қажет», - деп қорытындылады Камиша Есмұхамбетқызы.