28.06.2019, 14:15

Жолдасымнан емес, көңілдесімнен жүктімін

Жарты жыл болды жолдасыммен ажырасқалы, бірақ заңды түрде ажыраспадық тек бөлек тұрамыз. Бөпеміз жоқ, менде түсік болған, баланы қатты армандаған едік.

Сәлеметсіздер ме? Менің хатымды жариялай аласыздар ма? Алдын ала рақмет. Жарты жыл болды жолдасыммен ажырасқалы, бірақ заңды түрде ажыраспадық тек бөлек тұрамыз. Бөпеміз жоқ, менде түсік болған, баланы қатты армандаған едік.

Ажырасқаннан кейін менде басқа адам пайда болды, уйленбеген бойдақ жігіт. Ол мен туралы бәрін біледі. Менің бөпелі болсам деген арманым орындалды, бірақ жолдасымнан емес, кейінгі жігітімнен. Бүгін білдім,  7 апталық екен, жүрегі соғып тұр.

Жолдасым қосылайық деп қайта-қайта айтып жүрген, ал мен ойланып жүргенмін. Сөйтіп жургенде жүкті екенімді біліп отырмын. Ол жігітке жүкті екенімді айтқым келмейді, бірақ баланы да алдыртқым келмейді! Не істерімді білмей басым қатты. Сіздер қандай ақыл қосасыздар? Үлкен апайлар болса, өтініш, ақыл айтыңыздаршы. Осында хат жазамын деп ешқашан ойламаппын. Дәл қазір жүрегім қақ айрылғандай болып отырмын.

Дереккөз: Алаш айнасы