Атақты тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-парақшасында әйелдерге үндеу жасады.
«Мендегі оқырман әйелдер қауымы, сіздер аман болыңыздар. Біз әртүрліміз, біз жағдайды әртүрлі қабылдауымыз мүмкін, әрқалай өмір сүруіміз мүмкін, пәлсапамыз, тәрбиеміз әртүрлі болуы мүмкін, бірақ біздің бір ғана ұқсастығымыз бар. Біз бірдей жылаймыз. Жыламауға өзімізге сөз берсек, сөзімізде тұра аламыз», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Сондай-ақ, ол әйелдің жаны тыныш болса әлемде тыныштық орнайтынын айтты.
«Күйеуі отыр десе отырып, тұр десе барлығы үшін тұра аламыз... Қиын ғой әйел болған соң, кейде эмоциямен тоқтай алмай қалатынымыз бар», - деді тележурналист.
Сонымен қоса, Ғабидолла Әбдірахымовтың желіде қызу талқыға түскен сөзіне баса назар аударды.
«Әкімнің сөзімен айтсақ, қыздар эмоциямыз бен «күйеулерімізге» ие болайық», - деп қорытындылады Ләйлә Сұлтанқызы.
Айта кетсек, шеруге шыққан Арыс қаласының тұрғындарына Ғабидолла Әбдірахымов «Әйелдерің ие болыңдар» деп басу айтқан болатын.