Әлемге танымал Геннадий Головкин мен мексикандық «Канело»-ның жұдырықтасуы келесі жылға қалғанын мәлімдеді Sports.kz
«Осы күзде GGG мен Каллума Смитті оза шауып, Сергей Ковалевке «Канеломен» төбелесу бұйырған. «Канело» - Ковалев жекпе-жегі көрермендерге жаңа серпіліс беріп, ойдағыдай өтсе, Головкин мен «Канелоның» жекпе-жегі 2020 жылдың 20 мамырында өтеді» деп жазды OX Sports беделді инсайдері Майк Коппингер өзінің Twitter-парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин 8 маусымда Нью-Йоркте өткен соңғы жекпе-жегін өткізді: GGG төртінші раундта канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңді. Жеңістен кейін қазақстандық Головкин Kanelo-ны осы жылдың қыркүйек айына жекпе-жекке шақырған болатын.