Саясаттанушы Ерлан Саиров Теңізде болған оқиғаға байланысты Facebook-те жазба қалдырды. Осы бұзақылықтың артында тек қыздың ары емес, жалақы бөлудегі әділетсіздігі жатыр деп ойлайды.
«Бізде, бір ши шықса, қазақ кінәлі болады. Соған өзіміздің етіміз де үйреніп алған. Ал шынына келсек, сол Атырауда қазақ пен шет ел азаматтарының жалақыларының ара- қатынасы қандай?», - деді ол.
Ол бұл оқиғанын болуына негізгі себеп әлеуметтік әділетсіздік екенін атап өтті.
«Теңсіздікті сезген жан өте ашушаң келеді. Өздерін жергілікті халықтан биік санаған "қонақтар" дандайсып кететіні анық. Осы жағдайға балта шабу керек», - деген ол өз өзімізді кінәлайдың орнына шындықтың бетін ашу керек екенін айтты.
«Біз сүйтуіміз керек, бүйтуіміз керек. Қонақты сыйлау керек» деген сөз шығып жатыр. Дұрыс емес тезис! Қазақ ешкімге, ештеңе қарыз емес! Бұл ешқандай «әлімжеттілікке» итермелеу емес, шындықтың бетін ашу. Теңсіздіктің тамырына балта шабу ең негізгі мәселе. Бұл анық» - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, 29 маусым күні Теңіз ваxталық аймағында «Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)» компаниясының жұмысшылары ливиялық Eli Daoud-тың Whatsapp-тағы суреті үшін соққыға жыққан.
Кейін блогер әрі заңгер Айгүл Орынбек қыздарға «өзге ұлтқа етектеріңді ашқанша, жердің астына кіріп кетіңдер» деп әлеуметтік желідегі парақшасына пост жазған.
Артынша ливиялық азаматтың кешірім сұраған видеосы жарияланды.