Теңіздегі төбелес whatsapp әлеуметтік желісіне таралған суреттен кейін шыққан, xабарлайды Tengrinews.kz Атырау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 29 маусым күні Теңіз ваxталық аймағында болған. "Сohsolited Contracting Endihering and Prourement S.A.L Offshore (CСЕР)" компаниясының жұмысшылары ливан азаматы Eli Daoud-тың Whatsapp-тағы суретіне ашуланған. Суретте қазақ қызы тілін шығарып тұр, ал ер адамның қолындағы рациясының ұшы тіліне тиіп тұр.
Оқиға орнына жергілікті полицейлер мен облыс әкімі жетті.