Павлодар облысында өткізілген «STOP-трафик» жедел алдын алу шарасы аясында тәртіп сақшылары жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен 23 жастағы бойжеткенді ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, күдікті бұл іспен айналысқаны үшін ер адамнан 10 мың теңге алған.
«Ұсталған азаматшаға қатысты Қылмыстық кодекстің 309-бабы, 1-бөлігі – «жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген хабарламада.
Бұдан басқа, порнографиялық және контрафакт өнімдерін таратқаны үшін құрықталған 21 жастағы жігіттен лицензиясы жоқ, порнографиялық мазмұндағы 217 DVD-диск алынған.
Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 311-бабы – «контрафакт өнімдерін заңсыз тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Алынған дискілер бойынша сараптама тағайындалды.