$ 445.66  474.58  4.78

​Елбасы ел кәсіпкерлеріне үндеу тастады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайындағы кезекті Жолдауында қаражаты шетелде жатқан қалталы азаматтарымызға арнайы үндеу жолдап, елдегі кәсіпорын, мекемелерді сатып алуға шақырды.

«Қазір біздің елімізде жекешелендірудің екінші толқыны жүріп жатқаны белгілі. Мен осы орайда ел кәсіпкерлеріне арнайы үндеу жолдауды жөн көріп отырмын. Осы елде еңбек етіп, өстіңдер, жетілдіңдер, ақшаларыңды еселедіңдер. Табысқа кенелдіңдер. Енді шетелдерде жатқан қаржыларыңды өз елдеріңе алып келіп, зауыт, кәсіпорын, өндіріс орындарын шығарыңдар. Біздің әлемнің барлық елдерімен өзара келісімдеріміз бар, яғни, шетте жасырған қаржыларыңды әшкерелеу аса қиын шаруа емес. Тіпті, олардың өздері-ақ жариялай салуға пейілді. Ал енді сол қаржыларыңды қазіргі жекешелендіру кезеңімен заңдастырып алсаңдар, ол ең алдымен өзіңе пайда. Ал мемлекет оған кепілдік береді», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы жекешелендіру үдерісінде заңдастырылған қаражат елімізге келсе, қаржы иесіне сенімділік, туыстарына табыс, мемлекетке байлық болатындығын баяндады.

«Бұл расымен де мол қаражат иесінің ұйқысын тыныштандыра түседі. Мәселен, миллондаған ақшасы шетелде жатқан кәсіпкердің ұйқысы тыныш деп кім айта алады. Не көрсең де еліңмен бірге көр, бірге көгер. Егер кәсіпкерлеріміз шеттегі ақшасын елге әкеп, шағын электр станциясын салса, туғанына табыс, өзіне пайда, мемлекетіне абырой емес пе? Сондықтан, қалталы кәсіпкерлерімізді елдегі алып кәсіпорын, мекемелерді сатып алып, ісін дөңгелетуге шақырамын», - деп түйіндеді Н.Назарбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары