Жаңалықтар 01.07.2019 сағат 20:08

Ақтөбеде сақалдылар кішкентай балалардың көзінше жас жігітті сабап кетті (ВИДЕО)

Видеоға түсіріп тұрған әйел балалардың көзінше төбелеспеуін сұрайды.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ақтөбеде сақалды 2 адам көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жас жігітті сабап кетті. Видео İnstagram әлеуметтік желісіндегі @aktobe_zellо парақшасында жарияланды. 

Кадрда жігіт қолына телефон алып, полицияға xабарласатынын айтып жатады. Дәл осы сәтте сақалды адам кеп оны соққыға жыға бастайды. Оған екіншісі қосылып, қуып жүріп тепкілейді. 

Видеоға түсіріп тұрған әйел балалардың көзінше төбелеспеуін сұрайды. Сондай-ақ екі қарт кісі оларды ажыратуға тырысады. Бірақ екеуі екі жақтан теуіп, әлгі ер адамды өлімші етіп сабайды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар