Алматы қаласының аудан әкімі Павел Кулагин караокеде қыздармен көңіл көтеріп жүр. Жанар Манақова есімді әлеуметтік желі қолданушысы Facebook-парақшасындағы «life Kazakhstan» тобына осылай деп видео бөлісті.
Кадрда Кулагинге ұқсас ер адам бойжеткенді құшағына алып, аймалап билейді. Жандарында тағы да екі қыз ән шырқап отыр.
Автор «Бұлай әкімдер ғана демалады» деп жазба қалдырған.
Желі қолданушылары әлгі бойжеткенді әкімнің әйеліне мүлде ұқсамайтынын жарыса жазып жатыр.