Бүгінгі елбасы Қазақстан халқына дәстүрлі жолдау барысында Ресей мен Түркияның қарым қатынастары туралы да пікірін айтты.
«Біз Ресей мен Түркияның арасында болған оқиғаға қатты қапалымыз. Бірақ әзірше істің барлық мән-жайы бізге белгілі емес. Алайда ресейлік бомбалаушы Түркияға шабуылдаған жоқ, бұл - факт. Ол Түркияға бағыт алған жоқ. Лаңкестермен соғысуға бара жатты», - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Астанада Тәуелсіздік Сарайының мінберінен.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әрқашан да барлық қақтығысты бейбіт түрде шешуді қолдап келгенін мәлімдеді.
«Мен Ресей мен Түркияның позицияларын жақындату үшін көп жұмыс істеген адаммын. Оларды дос еткім келді. Премьер-министр Демерельдің заманынан бастап, президент Ельциннен бастап. Көп жылдар бойы осылайша жасаған еңбегіміз еш болуы мүмкін. Қаншалықты қиын болса да арнайы комиссия құрып, кінәлілерді анықтап, жазалап, қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру керек. Түркиядағы және Ресейдегі достарымды осыған шақырамын», - деді Назарбаев.