Павлодарда 12 жастағы бала құдыққа құлап кетті, деп жазады pavlodarnews.kz.
Анасының айтуынша, оқиға Российской көшесіндегі «Звездочка» дүкенінің маңында болған. Олар жедел жәрдемге сағат 21:31-де хабарласқан.
«Бала жедел-жәрдеммен жарақат бөліміне жеткізілді. Оған медициналық көмек көрсетілді. Кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді», – дейді облыстық балалар ауруханасы.
Облыстық полиция департаменті оқиғаның тіркелгенін, қазіргі таңда тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.