$ 443.85  474.3  4.8

АҚШ-та Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

«Аты әлемге әйгілі өнер иесінің бұл кеші Нью-Йорк қаласында болмақ», - деп жазды Айдар Қырықбайұлы.
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

АҚШ-та Димаш Құдайбергеннің жеке концертін өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрінің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы Іnstagram-парақшасында хабарлады.

«АҚШ-та Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қолдауымен және ұйымдастыруымен Димаштың концерті өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты. Аты әлемге әйгілі өнер иесінің бұл кеші Нью-Йорк қаласында болмақ», - деп жазды Айдар Қырықбайұлы.

Еске салайық, Димаш Құдайберген елордада өткен концертінен түскен қаражатының бір бөлігін Арысқа көмек ретінде аударғанын жазған болатынбыз. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары