$ 498.34  519.72  4.85

«Келесіде әйелімді міндетті түрде алып келемін»: Бурак Өзчивит алғаш рет отбасы жайлы айтты (ВИДЕО)

Отбасы туралы айтуды ұнатпайтын ол келіншегі Фахриенің сәлемін жеткізді.

Әйгілі түрік актері, талай қыздың арманына айналған Бурак Өзчивит «Хабар» арнасына эксклюзивті сұхбат берді.

Бурак қазақстандықтардың қонақжайлылығына ризашылығын білдірді. Ол әр келген сайын қазақ халқының құшақ жая қарсы алатынын айтты.

«Алдымен қазақ еліне зор алғысымды білдіремін. Сіздердің орындарыңыз мен үшін ерекше. Өзіңіз айтып өткендей елордаға бірінші рет келуім емес. Бұл жолда мені жақсы қарсы алды», - деді актер.

Сұхбат барысында Бурак Өзчивит отбасы туралы сұраққа да жауап берді. Отбасы туралы айтуды ұнатпайтын ол келіншегі Фахриенің сәлемін жеткізді. 

«Түсінікті болды. Барлығын ашып айта алмаймын. Бір айтарым Фахрие қазақ халқына жалынды сәлем жолдады. Себебі екеуміз басты рөлді сомдаған «Бозторғай» телехикаясы Қазақстанда көрсетілгенін білеміз. Сіздерді таниды, дұғай сәлем жолдап, ыстық лебізін білдірді. Өкінішке қарай келе алмады. Біздің кішкентайымыз бар. Бірақ келгісі келеді. Келесі жолы міндетті түрде ала келемін», - деп қысқа қайырды ол.

Айта кетейік, белгілі түрік актері Бурак Өзчивит 30 маусым мен 6 шілде аралығында елордада өтетін XV «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына арнайы шақырылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары