$ 444.22  476.38  4.82

Илья Ильин Жапониядағы халықаралық турнирге қатысады

Қазақстан құрамасы сапындағы атлеттер 7 шілде күні жарысқа шығады деп жоспарланып отыр.

Белгілі ауыр атлет Илья Ильин Жапония астанасы - Токио қаласында ауыр атлетикадан халықаралық турнирге қатысады. Турнирде 2020 жылғы Токио Олимпиадасына берілетін жолдамалар сарапқа салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан ауыр атлетика федерациясына сілтеме жасап.

Халықаралық турнирде біздің еліміздің сапынан үш атлет қатысады. Илья Ильин 109 келіде жарыс жолына шығады. Дәл осы салмақта біздің еліміздің атынан Ибрагим Берсанов та бақ сынайды. Сондай-ақ, қыздар арасында 87 келіде Лариса Кобелева аталмыш турнирге қатысады. 

Қазақстан құрамасы сапындағы атлеттер 7 шілде күні жарысқа шығады деп жоспарланып отыр.  
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары