Жаңалықтар 03.07.2019 сағат 10:36

Алматыда байдың балалары бір отбасының үйін көлігімен қиратқан (ВИДЕО)

Оқиғадан бері 11 күн өтсе де, отбасы жарты қабырғасы жоқ үйде тұрып жатыр.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы облысында мас көлік жүргізуші бір отбасын опат қыла жаздады. «ЛандКрузер» көлігін тізгіндеген ер адам таңғы үште шырт ұйқыда жатқан жанұяның үйіне көлігімен бұзып бір-ақ кірген. Түн ұйқысынан шошып ояндым деген жалғызбасты ана мүгедек «балам жазатайым бола жаздады» дейді. Ең сорақысы сол, оқиғаның болғанына 11 күн өтсе де, үйді қалпына келтіруге әлі бірде-бір адам келмепті.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғадан бері 11 күн өтсе де, отбасы жарты қабырғасы жоқ үйде тұрып жатыр.

«Байдың балалары. Не істеп, не қойғандарын өздері де білмейді. Аяқтарына тұра алмай тұрған балаларды наркологиялық орталыққа апарады да, олар «жеңіл дәрежеде мас» деп жазып береді. неге? Мүмкін беретінін беріп, аузын жапқан шығар. Содан кейін олар тайраңдап жүр. Ал мен мүгедек баламмен осындай үйде тұрып жатырмын. Не істерімді білмеймін. Еш жақтан көмек жоқ», - дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Аида Базилбаева көз жасына ерік беріп.

Жалғызбасты ана сол күні болған оқиғаны үреймен еске алады. Айтуынша, мүгедек баласын үйіндінің астынан шығарып алған. Періштеміз қағып, аман қалдық, дейді ол.

Аида Базилбаева оқиғадан кейін үйіне толықтай сараптама жасатып, тұруға жарамайды деген шешім алыпты. Көлік соққысының қатты болғаны соншалықты, үйдің қабырғалары жарылып, апатты деп танылған.

Ал таңғы сағат 3-те бір отбасының үйіне көлікпен баса-көктеп кірген мас жүргізуші бүлінген жерді ғана қалпына келтіретінін жеткізді. 

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша тек әкімшілік іс қозғалған.

«ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 608-бабына сәйкес (Жүргізушінің көлік құралын масаң күйде басқаруы) іс қозғалды. Іс материалдары сотқа жолданды», - дейді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев. 

Ал Аида Базилбаева қазір мүгедек баласымен бірге апатты үйде тұрып жатыр. Оған әкімдіктегілер де көмектесе алмайтынын айтыпты. Енді жалғызбасты ана халықтан көмек сұрайды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар