03.07.2019, 16:31

«Ақорда» «Елбасыға» еншісін берді

Фото: arasha.kz
Елбасыға бүтін бір портал қызмет атқаратын болады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 100 күннен кейін «Ақордадан» еншісін алып шықты.  Яғни бұрын Назарбаевқа қатысты ақпараттар Ақорданың ресми сайтындағы парақшасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қатысты материалдармен бірге тұрса, енді Тұңғыш Президентке бүтін бір портал қызмет атқаратын болады.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. 

«Достар, Тұңғыш Президенттің ресми интернет-ресурсы http://Elbasy.kz іске қосылды», –  делінген жазбада.

Айта кетейік, күні кеше Айдос Үкібай жаңа сайт ашылатыны жайлы хабар таратқан болаитын.