Бір айға жуық іздеуде болған Тарханка ауылының тұрғынының өлі денесі табылды, деп хабарлайды Altaynews.kz
Естеріңізге сала кетсек, Виктор Ляпуновтың 7 маусымда көршілерінің үйінен шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткенін жазған едік.
Марқұмның денесін Үлбі өзеніне шомылып жүрген балалар байқап қалыпты.
Виктордың жақындарының айтуынша, оқиғаның ақ қарасы әлі де белгісіз. Анықталып жатыр.