$ 494.87  520.65  4.91

Көлікте қазақ қызын шешіндірді: Назар Роллан тағы жұрттың ашуына тиді

Жігіт бойжеткенді айтқан мекен-жайына апарып тастауға келісіп, оған өз шартын қояды.

Желіде тәртіп бұзушылығымен танылған Назар Роллан тағы да дауға қалды. Әл-Фараби даңғылында көлігімен жолдың қарама-қарсы жолағында жүрген жігіт бұл жолы бойжеткенді шешіндірген. Жас қыз төстартқышын шешіп, омырауын қолымен жауып отыруға "мәжбүр" болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желідегілердің ашуын тудырған жағдай Назар Ролланның Youtube бағдарламасы кезінде орын алған.

Жігіт бойжеткенді айтқан мекен-жайына апарып тастауға келісіп, оған өз шартын қояды.

Оған сәйкес, 21 жастағы қыз қажетті нүктесіне жеткенше Назар қойған сұрақтарға дұрыс жауап беруге тиіс болады. Қателескен жағдайда ол бір киім элементін шешуге міндеттелген.

Бастапқыда дұрыс жауап бере алмаған кезінде ару үстіндегі киімі мен шұлықтарын шешкен. Алайда, соңына қарай қателескен сылқым төстартқышын шешуге келіседі.

Омырауын қолымен жауып отырған қыз көшеде жүрген адамдардан жасқанбай, өзі қиналған сұрақтардың жауабын табуға көмек сұрайды.

Аталмыш видеоға жазылған пікірлердің жартысынан көбі негативті тұрғыда жазылған. Желідегілер қазақ қызының бұл қылығына шүйлікті.

Бойжеткенді шешінуге итермелеген Назар Роллан да аяусыз сынның астында қалды.

"Қазақ қызы үшін ұялып отырмын" , " Масқара қалмағаны осы еді" , "21 жаста екен. Қандай ақымақ" , "Айтарға сөзім жоқ. Ұят" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#назар