$ 447.4  477.55  4.76

Алматыдағы 100 жезөкшенің ВИЧ індетін жұқтырғаны анықталды

Алматыда жезөкшелердің 100-ге жуығы ВИЧ індетін жұқтырған деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жезөкшелердің ордасына айналған Сейфуллин көшесінің бойында жиі рейдтік жұмыстар жүргізетін Түркісіб АІІБ мамандары осындай статистикалық мәлімет таратып отыр.

"Рейдтік шаралардың нәтижесінде жеңіл жүрісті қыздар жол бойынан кетті, бірақ, алысқа ұзаған жоқ. Олар енді жол бойындағы мейрамханалар мен дәмханаларды, моншалар мен жалдамалы пәтерлерді өздерінің ордасына айналдырып алған" дейді Түркісіб АІІБ басшысы Данияр Меңдібаев.

Полиция қызметкерлері рейд барысында ұсталған қыздарды тіркеуге алып қана қоймай, оларды дәрігерлердің тексертуінен де өткізеді екен. СПИД-пен күрес және алдын алу орталығының мамандары жүргізген тексерулердің нәтижесінде, бүгінгі күнге дейін ұсталған жезөкшелердің 98-де ВИЧ инфекциясының бар екені анықталған.

"Біз мұндай мәліметерді жайдан-жай жариялап отырғанымыз жоқ, жергілікті тұрғындар жезөкшелерден аулақ болса екен дейміз. Өйткені, ВИЧ өте жұқпалы індет. Ал, оны алдымен өзіне жұқтырып, кейін өзгелерді ауырту қылмыстық жауапкершілік екенін тағы да ескертеміз" дейді Меңдібаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары