$ 494.87  520.65  4.91

Елбасы күні қарсаңында қызылордалық ардагерлерге арақ сыйға тартылды

Иә, Қызылорда қалалық әкімдігі ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында қаладағы ардагерлерге арақ-шарап сыйға тартты. Оны әлеуметтік желілерде жүрген мына сурет дәлелдеп отыр.

Айта кету керек, айтулы мереке қарсаңында барлық облыстар мен қалаларда жергілікті билік өкілдері ардагерлерге Елбасының құттықтауын жеткізіп, сый-сыяпат тарту еткен болатын.

Ал, біздің түсінуімізше, мына суретте Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев та соғыс көрген қарияға сыйлықтарын арқалап келген секілді. Үстел үстіндегі сыйлықтар себетінде бір шөлмек арақ пен бір шөлмек коньяк және бір қорап шоколад көзге анық көрініп тұр. Тіпті, Айдын Бөкенбайұлы қарияға спирттік ішімдік сыйлай тұрып, одан ақ бата сұрауды да ұмыт қалдырмаға.

Ардагер болса «Дос бергеннің тісіне қарама» деген мақалды жадында ұстады ма, әлде әр мереке сайын биліктегілерден арақ сыйға алып үйреніп қалған ба, әйтеуір шенеунікке ақ батасын беріп шығарып салды.

Айта кету керек, сыйға тартылған арақ-шарап Қазақстанда жасалған өнімдер: бірі "Столичный" арағы болса, екіншісі "Қазақстан" коньягы. Демек, біздің әкім-қаралар Елбасының "Отандық өнімді қолдаңдар" деген тапсырмасын осылайша жүзеге асырып жүр. 

Айта кетейік, Айдын Қайруллаев – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары. Бұған дейін облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметінде болған. Сондай-ақ, Қызылорда қаласында мәдениет, ішкі саясат бөлімдерін басқарған.


Фото: Гулназ Бисеннің Facebook желісіндегі парақшасынан алынды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары