$ 498.34  519.72  4.85

Тоқаев домбыра сабағын енгізуге қатысты пікір білдірді

Президент елордадағы «Қазақ елі» алаңына барып, Ұлттық домбыра күніне мерекелік шараны тамашалаған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп бағдарламасына домбыра үйрену сабағын енгізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы мемлекет басшысы твиттердегі аккаунтында жазды.

Президент елордадағы «Қазақ елі» алаңына барып, Ұлттық домбыра күніне мерекелік шараны тамашалаған.

«Бұл мейрам – барша халқымыздың ұлт руханиятына деген зор құрметі. Күллі әлем мойындаған мәдени құндылығымыз – домбыра күні құтты болсын!», - деп жазды Тоқаев.

Сондай-ақ, ол мектептерде домбыра үйрену сабағын енгізуге қатысты пікір білдірді.

«Домбыра сабақтарын мектептерге енгізу қажет. Ұлттық құндылықтарымызды жастарымыздың санасына сіңіріп, насихаттау өте маңызды», - деді мемлекет басшысы.

Айта кетсек, бүгін Қазақстанда Ұлттық домбыра күні аталып өтіп жатыр. Бұл дата былтыр Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітілген болатын. Мейрам шілденің бірінші жексенбісінде тойланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары