$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында өзенге құлаған бойжеткеннің денесі табылмай жатыр

Жоғалған қыз достарымен су жағасында ойнап жүрген.

Талдықорған қаласында 2004 жылы туған қыз абайсызда аяғы тайып, оны Қаратал өзенінің ағысы ағызып әкетті.

Құтқарушылар екінші күн іздеуде, деп хабарлайды InAlmaty.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып.

Оқиға 5 шілде күні кешкі уақытта болған. Жоғалған қыз достарымен су жағасында ойнап жүрген. Олардың айтуынша, судан аттап өтпек болған бойжеткен аяғы тайып, суға құлап кеткен.

Төтенше жағдаға байланысты құтқарушылар жедел штаб құрды. 5 шілдеде қыз табылмады. Сағат 10: 30-да қараңғы түскендіктен құтқарушылар жұмысын тоқтатты.

«Шілденің 6-сында іздестіру жұмыстары қайта жалғасты. Құлаған жерден бастап, өзеннің барлық жерінен іздедік. Бөгеттерге дейін қарадық» - деді Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары