$ 498.34  519.72  4.85

Америкалық ер адамның аяғында 24 жыл бойы акуланың тісі жүрген

Тіс денесінде 24 жыл жүргенімен ондағы ДНК-сы әлі сақталған екен.

Американың Флорида штатында ер адам аяғынан акуланың тісін суырып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ер адамның аяғында 24 жыл бойы акуланың тісі жүрген. Джефф Уикли 1994 жылы Флаглер-Бич жағалауында серфингпен айналысты. Алайда ол өзін акуланың тістегенін байқамаған. Былтырғы жылы аяғынан мазоль шығады. Ол жерден жылтыр тіс алады.

Бұл оның өзін қатты таңғалдырды. Уикли тісті ғалымдарға бергенде олар оның акула тісі екенін айтады. Тіс денесінде 24 жыл жүргенімен ондағы ДНК-сы әлі сақталған екен. Бұл тіс қара сызықты акулаға тиесілі. Қара сызықты акулалар адамға сирек шабуылдайды. Әдетте ұсақ балықтармен қоректенеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары