$ 443.37  474.49  4.83

Елімізде жұмыссыздар саны артуда

Қазақстандық жұмыссыздар саны бір жыл ішінде 7,9 мың адамға(14,5%-ға) артты. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияда мәлімдеді (ЕЭК), деп жазады 7kun.kz.

Қазақстандағы жұмыссыздар саны 2015 жылдың қазан айында 62,2 мың адам болды(экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7 пайызы). Өткен жылы бұл көрсеткіш 54,3 мың адамды құраған еді.

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕурАзЭҚ) елдерінің арасында Беларусь  елінде жұмыссыздар саны көбеюде. Елдегі қызметсіздер саны бір жыл ішінде екі есеге артып, 42,6 мың адамды құрады. Арменияда бұл көрсеткіш 15,6%-ға, Ресейде 13,7%.-ға көбейген. Ал, ЕЭК ақпараты бойынша, Қырғызстандағы жұмыссыздар саны бір жылда 2,8%.-төмендеді.

Жалпы ЕурАзЭҚ-тағы қызметсіздердің саны 1,53 % өсіп, 1,15 млн  адамға жетті.

Естеріңізге сала кетсек, қыркүйек айының соңында қазақстандық жұмыссыздардың саны 6,5 мың-ға артқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары