Қарағандыда үш жасар бала жұмбақ жағдайда көпқабатты үй терезесіне құлап кетті. Бүлдіршіннің құлап кетуіне дейін пәтерде оның әкесі болған. Анықталғандай, азамат мас күйінде болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Үш жасар бала төртінші қабаттан құлап кеткен. Ол Мұқажанов атындағы ауруханаға аса ауыр күйде түсті» , - деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Анықталғандай, баланы ауруханаға жатқызар кезінде оны хирург пен нейрохирург мамандар күтіп, оған көмек көрсетуге дайын отырған. Дәрігерлерді травмотология орталығы алдын ала хабардар еткен.
«Балақай қатты шок алған. Ол басын жарақаттап, түрлі сынықтар алды. Қазіргі таңда, дәрігерлер оның жанын аман алып қалу үшін барын салуда» , - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай орын алған Пришахтинск ауданының тұрғындары оқиғаның қылмыстық нұсқасын айтып берді. Олардың сөзінше, пәтерде баланың ата-анасы болған.
«Бала құлап кетпес бұрын пәтерде жанжал болды. Отағасы мас болған. Оны барлық көршілер естіді. Ол жерде не болғаны мен баланың не себепті құлап кеткенін біз нақты білмейміз. Бірақ, полицейлерге орын алған жанжал жайлы айтып бердік» , - деді көршілер.