Қыздар көбіне өткен өміріндегі жігітті ойлап, сағынып ұмыта алмай жүреді. Female-happiness.com сайтында бұрынғы жігіттің елесінен қалай құтылуға болатыны жайлы мақала жарияланды.
Сүйіктісімен айрылысқан қыз ұзақ уақыт бойы оны есіне түсіріп, соған ұқсас адам іздеуге тырысады. Ол сүйіктісімен бірге өткізген бақытты сәттерді үнемі еске алып отырады. Салдарынан бойжеткен ұзақ уақыт бойы өз жеке өмірін құра алмайды немесе өзіне сөз айтып келген жігіттерден мін іздейді. Бұндай жағдайда өзіңізді қолға алып, әрі қарай не істеу керегін ойлау қажет.
Өткеннен қалған бейне
Бір-бірін сүйіп қалғандар алғашқыда ұзақ уақыт қыз бен жігіт боп жүреді. Кейін тағдырдың жазуымен екі жаққа кетіп жатады. Алайда шын сүйген қыздың ойында бұрынғы махаббаты әрдайым жүреді. Жаңа сезімге жол ашу үшін өткеннің есігін жабу маңызды. Сондықтан, егер қыз басқа адаммен жаңа қарым-қатынас бастағысы келсе, жүрегін босатуы керек.
Бұрынғы жігітті ұмыту үшін бұрынғы жігітімен түскен суреттерді жою керек. Сонымен қатар, оны барлық әлеуметтік желіден өшіріп тастаған абзал. Өткенді еске түсіретін барлық заттан құтылыңыз.
Егер сіз жолдасыңызбен ажырасқан болсаңыз, онда сақинаны ешқашан сақтамаңыз. Ол сіздің жолыңызды байлайды.