Тамара Дүйсенова Nur Otan партиясының хатшысы қызметінен кетті. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.
«Тамара Дүйсенова басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Nur Otan» партиясының Хатшысы қызметінен босатылды.
Ол бір жарым жылдың ішінде партияның сайлауалды тұғырнамасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлес қосты.
Нәтижелі еңбегі үшін Тамара Қасымқызына партия басшылығының атынан алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс пен сәттілік тілеймін», – деді Бауыржан Байбек.