$ 498.34  519.72  4.85

Атыраулық ер адам 20 жыл отасқан келіншегін қыз туғаны үшін үйден қуып шықты

Полицейлер Алмагүлді «Аналар үйіне» орналастырған.
"Аналар үйі" мұрағатынан
"Аналар үйі" мұрағатынан

5 құрсақ көтерген Алмагүл есімді әйел айлық қызымен далада қалды, деп хабарлайды «Мой город» ақпараттық порталы.

Полицейлер Алмагүлді «Аналар үйіне» орналастырған. 

«Енем қайтыс болғанша жақсы тұрдық. Кейін жалғыз ұлымыздан айрылып қалдық, жолдасым ішіп кетті. Санақ бойынша 5 баламды дүниеге әкелдім. Жолдасым қыз екенін білген бойда үйден қуып шықты. Үйдегі қыздарымды көрсетпейді, алып кетейін десем үйім жоқ. Өз анама баруға болатын еді, бірақ көңіліне қаяу түсіргім келмейді», - деді Алмагүл.

Келіншек жұмыс іздеуге тырысқан. Бірақ бала күтуші мен үй жалдауды қалтасы көтермейтінін айтты. 

Полицейлер Алмагүлді «Аналар үйіне» жеткізген. Ол жерде мамандар құжаттарын реттеп беруге уәде берді. Орталықта Алмагүл тек 6 ай ғана тұра алады. Оның ойынша, осы уақыт аралығында аяқтан тұрып алуға болады. 

Полицейлердің айтуынша, осы жарты жылдықта 400 қала тұрғынынан шағым келіп түскен. Оның 16-сы кәмелет жасқа толмаған балаларын жетектеген аналар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары