$ 448.15  483.46  4.86

Эльмира Суханбердиеваны жақын құрбысымен бірге соттап жатыр

Прокурор Сұханбердиева мен Шеверняева арасында өзара қылмыстық келісім болғанын мәлімдеді. Вице-министр құрбысына ақылы қызметтер ұсынатын жеке экономикалық мектеп түріндегі ЖШС құруға ұсыныс жасаған.
Фото: ng.kz
Фото: ng.kz

Нұр-Сұлтанда Есіл ауданындық №2 сотында бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Сұханбердиеваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұрынғы мемлекеттік қызметкер пара алғаны мен қыметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін Қылмыстық кодекстің 361, 364 және 366 баптары бойынша айыпталып жатыр.

Сонымен қатар, сотталушылар қатарында шенеуніктің жақын құрбысы Елена Шеверняева да бар болып шықты. Ол Нұр-Сұлтандағы №3 мектеп-гимназиясының директоры болған.

Прокурор Сұханбердиева мен Шеверняева арасында өзара қылмыстық келісім болғанын мәлімдеді. Вице-министр құрбысына ақылы қызметтер ұсынатын жеке экономикалық мектеп түріндегі ЖШС құруға ұсыныс жасаған.

Шенеунік аталмыш мектепке Білім және ғылым министрлігі тарапынан жеңілдіктерді қамтамасыз етіп, қолдаушылық көрсетуге уәде еткен.

Нәтижесінде, Сұханбердиева кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке ұйымды басқаруға атсалыса бастады.

Прокурордың мәлімдеуінше, бастапқыда іс бойынша өтіп жатқан аталмыш мектеп коммерциялық емес ұйым ретінде тіркеліп, кейіннен ЖШС-ға айналып кеткен. Алайда, мектеп құрылғалы бері ақылы қызмет көрсетіп келген.

«2016 жылдан бастап, 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі аралықтағы табыс мөлшері 389 миллионов теңгені құрайды. Қазіргі уақытқа дейінгі таза табыс 150 млн теңгеден астам қаржыға тең. Шеверняева бұл ақшаны кассадан алды» , - деді прокурор.
Шеверняеваның қорғаушысы сотталушының кәмелетке толмаған екі баласы мен өз қарауындағы зейнеткер анасы бар екенін айтты.

Прокурор Шеверняева жауап беру кезінде өз кінәсін мойындағанын хабарлады. Сот отырысы жалғасып жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары