$ 444.22  476.38  4.82

Жүк көлігі әйелдің басын мыжып кетті: Алматы обысында жан түршігерлік жол апаты болды

Ауыр жарақаттан әйел тірі қалмады.

Алматы облысындағы М.Түймебаев ауылында ауыр жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Аптечная көшесінде болды.

Велосипед мініп, тротуармен келе жатқан әйел алдындағы бір топ адамды айналып өту үшін жолға түскен. Алайда жолдағы құмнан велосипедінің дөңгелегі тайып кетіп, әйел жол үстіне құлап қалды. Сол сәтте артта құрылыс заттарын тиеп алған жүк көлігі келе жатты. Әйелдің басы көліктің артқы дөңгелегінің астында қалды. Ауыр жарақаттан әйел тірі қалмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары