$ 494.87  520.65  4.91

«Болашақ жарым несиеге көлік алып бер дейді»

Айзат (ред ескертпе кейпікерлерің аты-жөні өзгертілген) бірнеше ай кездесіп жүрген жігітінің оған сөз салып, тұрмысқа шығуға ұсыныс тастағанын алға тартты.

Алматылық Айзат есімді бойжеткен болашақ жарының оған несие алып беруін талап ететінін айтып, жан сырын ақтарды. Оның сөзінше, бірнеше ай бұрын сөз салған сүйіктісі оған несиеге көлік алып беруін сұрап жүр екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Айзат (ред ескертпе кейпікерлерің аты-жөні өзгертілген) бірнеше ай кездесіп жүрген жігітінің оған сөз салып, тұрмысқа шығуға ұсыныс тастағанын алға тартты.

«Елдар екеуіміз ортақ таныстарымыз арқылы танысып, жұп болдық. Бірнеше ай бір-бірімізді танып білгеннен кейін ол маған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Оның да, менің де жасым отызға таяғандықтан келісе кеттім. Алайда қызықтың көкесі «иә» деп жауап бергеннен кейін басталды», - дейді бойжеткен.

Жігітінің үйленбей жатып несие алдыртпақ болғанын айтқан ару, оған тұрмысқа шығу туралы шешімінің дұрыстығына күмән келтіре бастаған. 

Ару сүйіктісінің орда бұзар жасқа келіп, өз күшімен ештеңеге жетпегенін сөз етті.

«Сүйіктім үйленуге шақ қалғанда оған несиеге көлік алып беруімді сұрайтын болды. Бір жағынан оның көңілін қалдырғым келмегенімен, орда бұзар жасқа келіп өз күшімен бір нәрсеге жете алмағанын ойлап, тағы күмәндандым. 

Оның асыр салып, шалқып жүргені ата-анасының арқасы екенін жақында білдім. Бір сөзбен, жігіттен көңілім қалды. Айырылысу туралы тіпті естігісі келмейді. Анасы болса күнде алдыма келіп, есігімді қағады. Не ойларымды да білмей қалдым», - деп ағынан жарылды алматылық ару.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары