$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтан қаласындағы масаны улау үшін 170 млн теңге бөлінді

Елордаға жауған мол жауын-шашыннан кейін күн күрт жылынып, соның салдарынан дернәсілдің масаға айналу процесі 7 күннен 2 күнге дейін қысқарған.

Осы аптаның соңында елорда жұртшылығының мазасын алған маса азаяды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Сәуір айында басталған масаны кезең-кезеңімен улау жұмыстары 6  турға бөлінген. Қазіргі уақытта үшінші туры өтіп жатыр және енді 20 күннен кейін ашық стансалары мен шағын су қоймаларындағы масаларды улауға бағытталған төртінші туры басталады. Бейсенбі, жұмаға қарай маса азаяды. Қолданылатын дәрі-дәрмектердің барлығы мемлекеттік сараптамадан, сынамадан өткен», - деді Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің директоры Сәдуақас Байғабылов.

Оның айтуынша, елордаға жауған мол жауын-шашыннан кейін күн күрт жылынып, соның салдарынан дернәсілдің масаға айналу процесі 7 күннен 2 күнге дейін қысқарған.

«Биыл  сәуір мен қыркүйек айларының аралығында масаны улау үшін жергілікті бюджетте 170 млн теңге қарастырылған. Қазіргі уақытта оның 70 пайызы жұмсалды. Қажеттілік болған жағдайда қосымша бюджет қаражаты да көзделген. Қазіргі уақытта қоймада сақталып тұрған масаға қарсы дәрі осы жылға және келесі жылға жеткілікті. Қоймада 8-9 тонна дәрі бар», - деді департамент басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары