$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда автобус жүргізушісімен төбелескен жігітті көлік қағып кетті (ВИДЕО)

Бейнекадрде жүргізуші самокат мінген жүргіншіні ұстап алып, жібермеуге тырысып жатыр. Ал самокат иесі сытылып қашып кетпекші. Жүргізушінің қолынан сытылып бара жатқанда самокат иесін көлік қағып кетті.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Алматыда самокат айдаған жүргінші мен №99 автобус жүргізушісі көшеде төбелесіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр. 

Бейнекадрде жүргізуші самокат мінген жүргіншіні ұстап алып, жібермеуге тырысып жатыр. Ал самокат иесі сытылып қашып кетпекші. Жүргізушінің қолынан сытылып бара жатқанда самокат иесін көлік қағып кетті. 

Болған жайтқа қатысты «City-Bus» басшысы түсінік берді. 

«City-Bus» ЖШС басшысы Егор Жигловтың айтуынша, автобус жүргізушісі өз жолағымен келе жатқан. 

«Ол жол ережесін бұзған жоқ. Аялдамаға тоқтағанда, самокат мінген жігіт салонға жүгіріп кіріп, жүргізушінің бетінен бір ұрған. Жүргізуші жаңағы жігіттің артынан бірге шыққан. Самокат мінген адам оқиға орнынан қашып кетпек болған. Абырой болғанда полиция шақырылды. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Қызметкерімізге қол көтергені үшін полицияға арыз жаздық», - деді Егор Жиглов. 

Оның айтуынша, соққыдан автобус жүргізушісінің тісі түсіп қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары