$ 449.58  486.94  4.86

Тоқаев 9 жастағы Ләйлімнің өлең оқу эстафетасын қабыл алды

Тоқаев бұл эстафетаны зор қуанышпен қабылдағанын айтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы Ләйлім-Шырақтың эстафестасын қабыл алды. Бұл туралы президенттің баспасөз xатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-парақшасында жазды.

«Ләйлім-Шырақ есімді 9 жастағы мектеп оқушысы қазақтың ұлы ақыны Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған екен. Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатыңа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді», - деп жазды Берік Уәли.

Ал Тоқаев болса бұл эстафетаны зор қуанышпен қабылдағанын айтады. 

«Қадірлі ағайын, кішкентай балдырған қызымыз Ләйлім Шырақ Абайдың 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдер оқу эстафетасын маған жолдаған екен. Мен бұны зор қуанышпен қабыл алдым. Хакім Абайдың есімі әрқашан қазақ xалқының атымен бірге айтылады. Біз Абайды ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық руx дарытамыз. Биыл Абайдың 175 жылдығын атап өту туралы жарлыққа қол қойдым», - деп президент Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін оқып берді. 

Мемлекет басшысы Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Тоқаев