Жаңалықтар 10.07.2019 сағат 09:20

Алматыда тұрғын үй мен үш көлік өртеніп кетті (ВИДЕО)

Өртену аумағы 150 шаршы метр болды.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматының "Тау самалы" шағын ауданындағы жеке секторда өрт болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде, жеке тұрғын үйдің шатыры, шаруашылық қора-жай, екі микроавтобус пен бір жеңіл көлік өртеніп жатты. Микроавтобустардың түгі қалмай жанып кеткен.

Өртену аумағы 150 шаршы метр болды. Өрт сөндіру жасағы дер кезінде келгендіктен, жақын маңда орналасқан үйлерді жалын шарпыған жоқ. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді.

Төтенше жағдайлар департаменті өрттің себебін анықтап, шығынды есептеуі тиіс.


 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар