$ 443.85  474.3  4.8

Қытай ғалымдары қолдан адам жасай алатындарын айтты

Қытайдың бір топ ғалымы адамды клондауға дайын екендігін мәлімдеді. Олар адамзат баласын клон етіп шығаруға мүмкіндік беретін әдісті ойлап тапқандарын алға тартуда.

Тек бұған әлемдік қауымдастық оң қабақ танытып, келісім берсе болды.   Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Тяньцзинь қаласының маңынан жануарларды клондау жөнінен орталық ашылатынын хабарлаған болатын.  Енді қытайлар жануарлармен шектеліп қоймай, адамды жасанды жолмен жаратуды қолға алуды ұйғарған. Жалпы тәжірибеге келер болсақ, олар өткен жылы «тибет мастифі» тұқымының 3 күшігін клондап шығарған болатын, деп жазады 24.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары