Жаңалықтар 10.07.2019 сағат 10:10

Шолпанда шіріген жұмыртқаның сасық иісі шығады

Бірде бір адам аяқ басып көрмесе адамзат өзге планета иісін қалай біледі деген сұрақ туындауы әбден мүмкін. Зерттеушілер спектроскопия әдісін қолдана отыырп, әр түрлі молекулалар бөлектін жарық толқынын анықтайды.
Шолпанда шіріген жұмыртқаның сасық иісі шығады
Фото: ru.best-wallpaper.net
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Иіс сезу мүшесі — адам денесіндегі жеті ғаламаттың бірі. Егер сіз далада болсаңыз, таза ауаны сезесіз. Автобуста жаныңыздағы жанның өткір иісін сезесіз. Бірақ, сіз ойлаған ең нашар иістердің өзі күн жүйесінде орналасқан планеталардың иісінен мың есе артық екенін білесіз бе?

Марс планетасы темір, мегний, күкірт, қышқылдар мен көмірқышқылынан CO2 тұрады. Марс планетасының иісі нашар болғандықтан онда тыныс алу мүмкін емес. Планета мен астмосфера құрамына негізделе отырып, зерттеушілер Марсқа шіріген жұмыртқа иісі тән деген шешімге келді.  

Юпитердің иісі оның атмосфералық қабатына байланысты. Жеңіл беткі қабатына аммиак иісі тән ( жуғыш заттар немесе зәр), ал тереңірек аммиак пен шіріген жұмыртқа иісі мүңкиді. Атмосфералық қабат ауырлаған сайын күкіртті сутек (шіріген жұмыртқаның басты себепшісі) газынан бөлінетін иіс қаттырақ сезіледі. Кейін бадам дәмімен салыстыратын цианид сутегінің иісі шығады.   

Ал, Уран ше? Планетаның сыртқы қабаты сутегі мен гелийден тұрады. Сондықтан, оның иісін сезу мүмкін емес. Олардың құрамында 2 пайызға жуық метан бар (сасық), дегенмен, оның көлемі бүкіл планета иісіне әсер етуге жеткіліксіз.  

Біздің ең жақын көршіміз Шолпанның иісі қандай? Дәл таптыңыз, шіріген жұмыртқаның сасық иісі (күкірттің диоксидіне тағы да рақмет).  

Бірде бір адам аяқ басып көрмесе адамзат өзге планета иісін қалай біледі деген сұрақ туындауы әбден мүмкін. Зерттеушілер спектроскопия әдісін қолдана отыырп, әр түрлі молекулалар бөлектін жарық толқынын анықтайды. Сутегі, оттегі, метан, азот молекулаларының өздеріне тән жарық толқына бар. Сондықтан, әр планетаның атмосферасынан тараған жарық толқынына қарап, олардың қаншалықты мөлшерде екенін анықтай алады. 

Дереккөз: massaget.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар