$ 494.87  520.65  4.91

«Маған үйленетін ойы да болмапты»: келіншек өз басынан өткен оқиғасымен бөлісті

Мен кезінде бір балаға алданып, 9-сыныпта төсек қатынасында болдым. Мойындаймын, өз қателігім.
Фото: uainfo.org
Фото: uainfo.org

«Амансыздар ма, құрметті оқырман, қыз-келіншектер, аналар, әпке-жеңгелер. Өмірде не болмайды, әсіресе, қыз баланың басында. Қыз баланы тәрбиелеу өте қиын екенін өзім ана болғанда сезініп отырмын. Өйткені өзіміз де бала болдық, жас болдық, қателікті де жібердік.

Мен кезінде бір балаға алданып, 9-сыныпта төсек қатынасында болдым. Мойындаймын, өз қателігім. Бірақ сүйсең қарсы келе алмайды екенсің. Содан біраз айғай-шу болып, жеті-сегіз жылдан соң анам біліп қойып, сол жігітке тұрмысқа шығасың, үйленесіңдер деген шарт қойды...

Әрине, мен ол кезде жігітіммен кездесіп жүрдім, бірақ оның маған үйленетін ойы да болмапты, пайдаланып жүр екен. Мен оған "істегеніңді мойныңмен көтер, ең болмаса, үйленіп ажырасайық дедім.

Біраз уақыт келіспей жүрді, бірақ әйтеуір үйленуге келісім берді. Содан үйлендік, менің аяғым ауыр болып қалды.

Бірақ ол үйленгеннен кейін алғашқы жылдары маған өте салқын қарайтын, төсекте де суық болды. Ұл тудым, жұмысым болды. Күйбең тіршілікпен үйдің отымен кіріп, күлімен шығып жүре бердім. Содан қыз көтердім, ол менен қыз тумауымды сұрады. Бірақ мен сонда да тудым.

Қазір екі баламыз бар, арамыз жақсы. Алақанында аялап ұстап отыр. Мен отбасылық өмірдің қиындығына төзгендіктен, ештеңеге қарамастан күйеуімді, енемді құрметтегендіктен де, отбасымды сақтап қалдым деп ойлаймын.

Қазір мен өз қызыма жақсы тәрбие беруге тырысамын, менің тағдырымды қайталамас үшін жанымды, барымды саламын. Бүгінде ұлым мен қызыма ештеңені жасырмай ашық сөйлесуге тырысамын. Балаларды тәрбиелеу қандай қиын, олармен кішкентайынан үлкен адамдарша сөйлескенім дұрыс па?

Қазір ата-енеммен тұрып жатырмын. Енем науқас адам. Өзім шомылдырып, киіндіріп, кішкене бала секілді қараймын. Бірақ кейде енемнің де, күйеуімнің де мені жылатқандары есіме түседі. бірақ «таспен атқанды аспен ат» деген ғой бабаларымыз. Менің түсінгенім қыз-келіншектерге темірдей төзім керек екен».

Дереккөз: Alashainasy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары