Ағымдағы жылдың 14 тамызында Шымкентте "Мерседес-Бенц" көлігі 10 жасар қызды қағып өлтіріп, жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Араға бірнеше күні салып ОҚО ІІД осы іске қатысы бар деген күдікпен 1991 жылы туған жергілікті тұрғынды ұстағандығын хабарлап отыр.
БАҚ өкілдері бұған дейін аталған істі әйгілі "Үсенов ісі" секілді сиырқұйымшақталып кетуі мүмкін деп қауіптенген болатын. Дегенмен, тәртіп сақшылары олай ойлауға негіз жоқ екенін айтуда. Өйткені, басты күдікті қазір қамауға алынып, оның үстінен тергеу амалдары жүргізіліп жатқан көрінеді.